Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 қыркүйек, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қостанай, Қызылорда, түнде Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, 15-20 м/с-қа жел күшейеді.