Жұма күні еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 желтоқсанда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының кей жерлерінде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі. Батыс, солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында, Жарма ауданында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман бақыланады.

Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман бақыланады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.