Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман, күндіз желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының, түнде Атырау облысының, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
03:28, 11 Мамыр 2018
Жұма күні Қазақстанда жел күшейіп, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10 мамырда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр сақталады, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.