Ведомствоның ақпараты бойынша, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларындағы метеожағдайлар атмосферада ластаушы заттардың таралуына себеп болады.
Астана, Ақтау, Ақсай, Орал, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Жаңа Бұқтырма, Риддер, Өскемен қалаларында қолайсыз метеожағдай атмосфераның ластануына әкеп соқтырады.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тымық, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.