Ведомствоның ақпараты бойынша, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Жаңа Бұқтырма, Риддер, Өскемен және Шымкент қалаларында қолайсыз метеожағдай атмосфераның ластануына әкеп соқтырады.
Атырау, Қызылорда, Ақсай, Орал қалаларында метеожағдай атмосферада ластаушы заттардың таралуына ықпал етеді.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлар (тымық, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.