Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма, 5 қыркүйек күні республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек солтүстік пен солтүстік-батыста аздаған жауын жауып, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Солтүстік пен батыс аймақтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, түнде Атырау облыстарында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде ауа райы 0-3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.