Жұма күні Нұр-Сұлтанда ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2021 жылғы 21 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады» делінген кәсіпорын таратқан хабарламада.

Басқа қалаларда метеорологиялық ахуал бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.