Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.