Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Ақмола, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертен - тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында түнде және таңертен кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, кей жерлерде Алматы, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.