Шығыс Қазақстан, түнде Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар жерлерінде боран болып, желдің күші 15-20 м/с болады. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады, екпіні 15-20 м/с болатын жел соғады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Қызылорда облысының бірқатар аймақтарында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі.