Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтобе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Атырау облысында өте қатты ыстық күтіледі. Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, облыстарында, Алматы, Қарағанды Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.