Жұма күні республиканың басым бөлігінде тұман сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 қараша, жұма күні еліміздің басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді. Тек республиканың батыс өңірінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының бірқатар жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз 15-20 м/с екпінмен жел соғады. Шығыс Қазақстан мен Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Павлодар, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыс Қазақстанның да кей аймақтарына тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болып, жел 15-20 м/с екпінмен соғады.