Жұма күні республиканың батыс бөлігінде өткінші жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 сәуір күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек Қазақстанның батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, желдің оңтүстікте шаңды дауылмен күшеюі күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с шаңды дауылмен күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман болады. Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.