Республика бойынша кей жерлерінде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады. Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының түнде кей жерлерде тұман болады, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.
02:45, 15 Қаңтар 2016
Жұма күні республиканың бірқатар аймағында көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 15 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.