Атырау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай мен жел соғады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіліп, жел 18 м/с күшейеді, жер бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Атырау облысында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде күндіз қатты ыстық сақталады.