Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде желдің күші 15-20, кей жерлерде 23 м/с болады, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады. Қарағанды, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында жел 15-22 м/с күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал. Атырау облысында, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.