Жұмабай Нұржан Ташкенттегі жарысқа 2026 жылғы әлем чемпионы мәртебесінде келіп, әлемдік ауыр атлетиканың көшбасшысы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Оның нәтижелері:
- Жұлқа көтеру — 159 кг
- Серпе көтеру — 195 кг
- Қос сайыс қорытындысы — 354 кг
— Жарыс қорытындысы бойынша Нұржан Азия құрлығының ең мықты атлеті атанды! Спортшы жеке жаттықтырушысы Нуруллаев Азаматтың жетекшілігімен жаттығады. Қазақстан халқын осындай тамаша оқиғамен, спортшымыздың жарқын әрі сенімді жеңісімен құттықтаймыз! — делінген федерация таратқан ақпаратта.
Бұған дейін Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының чемпионы атанғанын жазғанбыз.