"Жұмағали Ысмағұлов қазақ журналистерінің ішіндегі бір сүбелісі еді. Оның сүбелі болатын себебі - ҚазТАГ-тың немесе тағы басқа қызметтерде басшы болғандығынан емес, көбіне соның ғылыми негізін айқындаудағы ниетінде. Мәскеуде Жоғары партия мектебінде оқып жүріп қазақ баспасөзінің рөлі жөнінде диссертация қорғады. Одан кейін ҚазТАГ-тың басшысы боп жүрген уақытында 1986 жылғы көтеріліске қатысқан жастардың суреті басылғаны үшін жазықты болып қызметінен айрылды", -дейді Тұрсынбек Кәкішев.
Қазақтың Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті профессорының айтуынша, Жұмағали Ысмағұлұлы бұл қызметінен айрылғаннан кейін Абайды насихаттауға көп еңбек сіңірді. Бұл еңбегі ескерусіз қалмай Абайдың 2 томдығын шығарғанда Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Сондай-ақ Міржақып Дулатовтың 5 томдық шығармалар жинағын шығаруға жетекші болды.
13:24, 17 Қаңтар 2011
Жұмағали Ысмағұлов қазақ журналистерінің ішіндегі бір сүбелісі еді - профессор Тұрсынбек Кәкішев
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Жұмағали Ысмағұлов артында өшпес із қалдырған халқымыздың ардақты азаматтарының бірі болды. Бұл туралы филология ғылымының докторы Тұрсынбек Кәкішев бүгін марқұмды ақтық сапарға шығарып салу кезінде айтты.