Жұмағұлов титулдық кездесуде 5 миллион теңгеден астам сыйақы алуы мүмкін - ММА
Оның сөзінше, кештің басты хедлайнерлері - Жалғас Жұмағұлов пен Вартан Асатрян арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы 1 миллион рубль көлемінде сыйақы алады. Бұл шамамен 5,6 миллион теңге болады.
«Турнир нәтижесі шыққаннан соң, палуандардың гонорарларын жария ету үрдісі қалыптасқанын білесіздер. Кейде ММА-да жекпе-жектің құны олардың қатысушыларына төленетін сомадан асып кетеді. Жалғас Жұмағұловтың жағдайында, ең құнды жүлде чемпиондық атақ болмақ. Ал ресми сыйақы көлемі 1 миллион рубльді құрамақ», - деп атап өтті ол.
«Біздің серіктестер бар, Ресейде және Қазақстанда, сонымен қатар әлемде эфир арқылы таралуына мүдделі Ресейдің коммерциялық брендтері бізбен әріптес», - дейді Гаджиев.
FIGHT NIGHTS GLOBAL промоушннің продюсері Сангаджи Тарбаевтың хабарлауынша, турнир қаржылық тұрғыда өз әлеуетін көрсете алады.
«Біздің турнир - бұл толығымен коммерциялық шара, сондықтан біз оның коммерциялық тұрғыда сәтті өтетініне сенеміз», - деді Тарбаев.