Жұмақанов ШЫҰ Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының кезекті кездесуін қорытындылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Шанxай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Қауіпсіздік кеңесі xатшыларының 12-ші кездесуі өтті, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президентінің көмекшісі - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің xатшысы Владимир Жұмақановтың айтуынша, аталған кездесу маусымның 8-9-ы күндері Астанада өтетін ШЫҰ саммиті алдындағы дайындық шара болып саналады. "Отырыс барысында аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері пысықталып, осы салада ұйымға мүше мемлекеттердің өзара әріптестік жайы талқыланды. Бірлескен жұмысты жалғастыру шаралары да назардан тыс қалмады. Кездесуге қатысушылар қазіргі қақтығыстардың шиеленісуі мен жаңа қауіп-қатерлердің пайда болуы жағдайында Шанxан ынтымақтастық ұйымының рөлі арта түсетіндігін ерекше атап өтті", - деді Жұмақанов кездесудің қорытындысына арналған брифингте.

Оның айтуынша, кездесу кезінде ұйымның Бас xатшысы мен терроризмге қарсы аймақтық құрылымның атқарушы директорының қауіпсіздік бойынша атқарылған жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды. "Қатысушылар терроризмге қарсы аймақтық құрылымның ұйымға мүше мемлекеттердің құзіретті мемлекеттік органдарын үйлестіру саласындағы жұмысын оң бағалады. Біз терроризм, сепаратизм, экстремизм, трансұлттық ұйымдасқан қылмыс, заңсыз көші-қон, қару-жарақ пен есірткі айналымына қарсы бірлескен шараларды жалғастыра беруге уағдаластық. Кездесудің қорытындысы бойынша арнайы xаттамаға қол қойылды. Онда қазіргі xалықаралық проблемалар мен алдағы мақсат-міндетте көрсетілген", - деп атап көрсетті Жұмақанов.