Оның сөзіне қарағанда, БАӘ-нің шешімі экономикалық тұрғыдан негізделген және мұнай өндіруді ұлғайту жоспарымен байланысты.
Сонымен қатар С. Жұманғарин «ОПЕК дәуірінің аяқталуы» туралы мәлімдемелер мұқият бағалауды қажет ететінін жеткізді.
— Бұл баға соғысына әкеле ме? Ондай жағдай орын алуы мүмкін бе? БАӘ-де өндіру көлемі ұлғайғанымен, нарықта баламалы мұнай көздері сақталады, - деді ол.
Үкімет басшысының орынбасары халықаралық тәжірибеде мұнай бағасын болжауда базалық, оптимистік және пессимистік сценарийлер ескерілетінін, бұл өз кезегінде экономика үшін ықтимал тәуекелдерді қарастыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
С. Жұманғарин 2027-2029 жылдарға арналған бюджетті жоспарлау аясында макроэкономикалық болжамдар дайын болғанын, онда мұнай бағасының сценарийлері пысықталғанын хабарлады.
Осы орайда Преиьер-министрдің орынбасары бұл мәселеде уайымдаудың реті жоқ екенін, Қазақстан бұл салада қиын жағдайға тап болатындай алғышарттар байқалмағанын сөз етті.
Айта кетейік, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) 2026 жылдың 1 мамырынан бастап ОПЕК пен ОПЕК ұйымдарынан шығу туралы шешім қабылдады.