Жұманғарин: Тарифтерге ең үлкен әсер осы жылы өтті деп есептеймін
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министрдің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин тарифтерге енгізген мораторий аяқталған соң баға бірден көтеріле ме деген сауалға жауап берді.
— Менің ойымша, тарифтердің ең үлкен әсері осы жылы өтті деп есептеймін. Себебі біз 24 процентке теміржолдың құнын, 33 процентке газды көтердік. Жылу мәселесіне, тарифтерге, электр қуат бағасының көтерілуіне әсер ететін газ ғой. Қалғандары ол ұсақ заттар. Біз оны келесі жылдың 1 сәуірінен бірден енгіземіз деп айтып жатқан жоқпыз. Ара-арасына шамалы бір уақыт салып енгіземіз, - деді С. Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Сондай-ақ Серік Жұманғарин ең төменгі жалақы мөлшерін көтеру бастамасына жауап берді.
Одан бөлек, Қазақстан халқына ешқандай дағдарысқа дайындалудың қажеті жоқ екенін айтты.
АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілуіне қатысты түсінік берді.