Мамандардың айтуынша, жартасқа көтерілу табиғи ескерткіштің тұтастығына зиян келтіріп қана қоймай, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
— Жұмбақтас — ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Оның тек эстетикалық емес, мәдени-тарихи құндылығы да зор. Сондықтан келушілерден белгіленген тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтауды сұраймыз, — делінген ресми хабарламада.
Тәртіп бұзушылар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
— Экологтар мен жергілікті билік өкілдері табиғи мұраны қорғау — әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді, — делінген хабарламада.
Айта кетелік шілдеден бастап «Астана-Бурабай» бағытында жаңа электр пойызы қатынайды.