Жұмыс пен өмір cүру көрсеткіші ең жақсы елдердің рейтингі жарияланды

Фото: pridevisa.ru

АСТАНА. KAZINFORM - Remote платформасы жұмыс пен өмір балансы жақсы елдердің жаңа рейтингін шығарды.

Зерттеу әлемнің 60 ірі экономикасын қамтыды.

Елдердің рейтингі ақылы демалыс күндерінің саны, босану кезіндегі әлеуметтік қолдау деңгейі, ең төменгі жалақы, денсаулық сақтау сапасы, қауіпсіздік және бақыттылық деңгейі негізінде жасалды.

Рейтингте Жаңа Зеландия бірінші орынды иеленді - бұл елде жұмысшылар жылына 32 күн демалыс және 26 апта декреттік демалыс ала алады.

Әмбебап денсаулық сақтау жүйесі және ең төменгі жалақысы жоғары Ирландия екінші орынға шықты. Ең төменгі жалақысы жоғары және сенімді әлеуметтік қамсыздандыруы бар Бельгия үшінші орында.

Сондай-ақ алғашқы ондыққа Германия, Норвегия, Дания, Канада, Австралия, Испания және Финляндия кірді. Алғашқы он елдің жетеуі Еуропада орналасқан.

Сондай-ақ рейтингте Украина — 37, Ресей — 43, Қазақстан — 46 орында. Рейтингке Өзбекстан кірген жоқ.

Еске сала кетейік, әлемдегі ең бақытты елдердің тізімі жарияланды.