— 8 сәуірдегі Ақмола облысы әкімінің өкімімен Степногорск қаласының абаттандыру жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін қала әкімі Гайдар Қабдоллаұлы Қасеновке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, — делінген Ақмола облысы әкімдігінің хабарламасында.
Ал, Бұланды ауданының әкімі су тасқынына қарсы еш шара қабылдамаса керек.
— 8 сәуірдегі Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін, атап айтқанда, Бұланды ауданында су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін аудан әкімі А. Д. Смайыловқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды, — деп хабарлады облыстық әкімдіктен.
Бұған дейін хабарланғандай, Алматы әкімінің орынбасарына айыппұл салынды.