Жұмысшы мамандықтар жылы: 10 кәсіби мереке атап өтіледі

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Үкімет отырысында биыл елімізде 10 кәсіби мереке атап өтілетінін айтты.

— Жұмысшы мамандықтар жылына орай министрлік жетекшілік ететін салалардағы жұмысшы мамандықтар өкілдерін мадақтауға арналған 10 кәсіби мерекені атап өту көзделген, — деді ол.

Сондай-ақ, ведомство жоспарында оқушылар мен студенттерге «ашық есік күндерін» ұйымдастырып, колледждерде жұмыс жәрмеңкелерін өткізу көзделіп отыр.

— Бұған қоса, әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша жұмыстар жалғасады, — деді министр.

Еске салсақ, Президент Жарлығымен 2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланған еді.

Осыған дейін Қанат Шарлапаев құрылыс пен металлургия саласында пайда болған жаңа мамандықтарды атағанын жаздық.