Министрлігі жұмыссыз азаматтарға арналған қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бағдарламасын іске асырып отыр. Оқу мерзімі — 6 айға дейін.
Бағдарлама қатысушыларына келесідей мемлекеттік қолдау көрсетіледі:
- шәкіртақы (43 574 теңге);
- жол жүру (17 300 теңге) және тұру (64 875 теңгеге дейін) шығындары;
- медициналық тексеруден өту ақысы.
Сондай-ақ, оқуды жұмыс берушіде тікелей өндірістік ортада өтуге болады (айына 86 500 теңге жалақы қарастырылған). Сонымен қатар, Skills.enbek.kz порталы арқылы онлайн біліктілікті арттыруға мүмкіндік бар — жыл басынан бері 37 мыңнан астам адам осы платформа арқылы оқыды.
Айта кетейік, Қазақстанда 2026 жылғы I тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,5% болды.