Сұхбат барысында агенттік тілшісі қор басшысынан ел тұрғындары МӘМС-ке аударғанымен жұмсалынбайтын жарналарын қайтаруды ұсынып жатқанын айта келе, осы мәселеге қатысы не ойлайтындығын сұраған еді.
«Біріншіден, адам ертең өзін не күтіп тұрғанын айта аламайды. Сондықтан медицинадағы сақтандыру жағдайы деп аталатын медициналық сақтандыру орын алуы мүмкін және әдетте сен күтпеген жерден орын алып жатады. Қазір автокөлік саны көп, жүктеме, оның ішінде қандай да бір жұқпалы аурулар да бар. Мұның бәрін ковид кезінде көзімізбен көрдік. Мен ауырмаймын немесе сақтандырғанмын деп қалай айта аласың?! Яғни, бірде-бір адам мұны айта алмайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, елімізде әлеуметтік сақтандыру да бар. Оның аясында мемлекет жеңілдік санатына кіретін 12 млн азамат үшін міндетті түрде жарна аударады. Жұмыс беруші де қызметкері үшін және жұмысшылары өздері үшін жарна төлейді.
Әбілқайыр Сқақов егер азамат 1 жылдың ішінде дәрігер көмегіне жүгінбесе, онда аударған жарнасы оған қайтарылмайтындығын айтады.
«Мұндай заңда қарастырылмаған. Бізде ынтымақтастық және төлем ұстанымы бар екендігі жайлы айтып отырмын. Қызметтердің, жүгінудің, көлемінің, мөлшердің санына қатысты шектеу жоқ. Ең бастысы жалақыңыздан 2 пайыз жарна төлем. Ынтымақтастық дегеніміз де осы. Сіз ортақ пульға қаражат аударасыз және бүгін сіз көмек қолын ұсынғанда бұл көмекті аталған қаражатқа мұқтаж жан пайдасына жаратты. Егер ертең сізде қажеттілік туындаса, онда сізге қалғандары көмектеседі. Ал қалғанының бәрі түсіністік пен мәдениет деңгейінде», — деді қор басшысы.