Жұмыс істемейтін арнайы экономикалық аймақтарды жою керек - Н. Назарбаев

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Жұмыс істемейтін арнайы экономикалық аймақтарды жою керек. Бүгін Ақордада еліміздің өткен 9 айының даму қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма жүктеді.

«Әрбір әкім арнайы экономикалық аймақ (АЭА) құруды өзіне борыш санайтын болып алды. Бірақ одан пайда жоқтың қасы. Атырау облысында АЭА базасында 33 жобаның 3-еуі ғана жүзеге асыпты. Алматы, Павлодар облыстарында аймақ құрды, бірде-бір жоба жоқ. Өткен жылы мен Павлодарда түсті металлургиядан өнім өндіретін, одан аллюминий алып, дайын бұйымдар шығаратын субаймақ құруды жүктедім. Бұл не болды?» - деді Н. Назарбаев Павлодар облысының әкіміне қарата сөйлеген сөзінде.

Сосын Елбасы Үкімет басшысына барлық арнайы экономикалық аймақты зерттеп, жұмыс істемейтін керексіздерін түгел жоюды тапсырды. «Бұл мемлекет қаражатын құр шашқанды ғана көрсетіп отыр», - деді Мемлекет басшысы.