Брифинг барысында басқарма басшысына БАҚ өкілдерінен стационардағы жұмыс жағдайына қатысты шағымданған елордалық медицина қызметкерлерінің мұнан арғы тағдырына қатысты сауал түскен болатын.
«Мұндай факті орын алды. Әріптестеріміз, инфекциялық стационарда жұмыс істейтін орта медициналық қызметкерлер әлсіздік танытып, сондай жағдай орын алды. Бүгінгі күні олар карантинде, яғни, екі апталық демалыста. Содан кейін олар өздерінің қызметтік міндеттеріне кірісетін болады. Жоспарымызда олармен қош айтысу жоқ. Олар бізбен бірге», - деді ол.