«Кейбір өңірде жұмыс күші жеткілікті, тіпті артық деп айтуға болады. Ал кейбір өңірде жетіспейді. Осыған орай «Еңбек« бағдарламасына өзгеріс енгізілген еді. Нәтижесінде осы жылдың 7 айында 1 мың отбасы еңбек күші жеткілікті өңірден еңбек күші жетіспейтін өңірлерге қоныс аударды. Аталған отбасылардың 1 939 мүшесі жұмыс істеуге қабілетті болса, соның қазіргі уақытта 1 420-сы жұмыспен қамтамасыз етілді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, қоныс аударған отбасыларға 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қолдау көрсетіледі. Мұнан бөлек 1 жыл бойы жалдап тұратын баспана шығындары мен коммуналдық төлемдеріне субсидия беріледі. Субсидия көлемі 15-тен 30 АЕК-ке дейін.