Жұмыс таппаған жас жігіт өзіне қол жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шотландия тұрғыны 20 жасар Мартин Хэдфилд жұмыс таба алмай, өзіне қол жұмсады. Бұған дейін жас жігіт өгей әкесімен көлік жуатын, содан соң бақшада жұмыс істеп жүрген. Бірақ оны өткен жылдың көктемінде жұмыстан шығарып жіберген екен. Жұмыс таппай сандалған ол үйіне келіп асылып қалған, деп жазады Metro.

Мартин бір жыл бойы жұмыс таба алмаған. Жас жігітке ылғи да оны бағаламайтын сияқты болып көрінетін. Жігіттің туысқандарының айтуына қарағанда, жігіттің ойынша, жұмыс берушілер оны қызметке алғаннан гөрі , жұмыс тәжірибесі жоқ адамдарды алып, аз жалақы бергенді жөн санайды. Оның соңғы барған жұмыс орны бұрынғы жұмыс орны беретін жалақыны ұсынған. Қатты қамыққан ол бөлеміне келіп асылып қалады. 40 жерге жұмыс іздеп барып, тауы шағылып қайтқан Мартин осындай қадамға барған.