Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Зағипа Балиева 2008 жылғы 12 желтоқсанда Мәскеу қаласында қол қойылған осы Хаттаманың маңыздылығын атап өтті.
Бұл Хаттама Беларусь, Қазақстан және Ресей Үкіметтері арасында жасалған және 2008 жылғы 25 қаңтардағы Бірыңғай кедендік-тарифтік реттеу туралы келісімнің 4-бабының 6-тармағын іске асыру мақсатын көздейді.
Заң жобасының мақсаты, аталған хаттамаға енгізіліп отырған түзетулер туралы Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Жақсылықов қысқаша баяндап берді.
Депутаттар Уәлихан Бишімбаев, Төлеген Ибраев, Александр Милютиндер қойған сұрақтарға баяндамашы жауап берді.
Отырысты қорытындылаған жұмыс тобының жетекшісі, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева: «Заң жобасы бойынша анықтауды қажет ететін кейбір сұрақтар бойынша нақты жауаптар алдық. Барлық мәселе шешімін тапты деуге негіз бар. Заң жобасы алдағы уақытта комитеттің отырысына, одан кейін Палатаның жалпы отырысына шығарылатын болады», - деді.