Жұмысқа қабылдаймын деген желеумен пара алған әділет басқармасының бастығы 3 жылға сотталды

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жұмысқа қабылдаймын деген желеумен пара алған әділет басқармасының бастығы 3 жылға сотталды.

Бұл туралы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Әділет басқармасының бастығы Ж.Әсербаев лауазымды тұлға бола тұра М. және Р. есімді азаматтардан балаларын Аягөз ауданының Әділет басқармасына жұмысқа қабылдаймын деген желеумен 800 АҚШ доллары мен 300 мың теңге көлемінде пара алған. Осыған байланысты Аягөз аудандық соты Ж.Әсербаевты пара алды деген айыппен 3 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шағырды.