Жұмысқа орналастыру орталығын құрудамыз - Қ. Келімбетов

АНА. 10 наурыз. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда біз аса батыл жоспарды жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

«Самұрық-Қазына» қоры жанындағы Корпоративтік университеттің негізінде Жұмысқа орналастыру орталығы құрылуда. Бұл туралы бүгін Астанада басталған «Адам ресурстарын басқару: HR инновациялар» тақырыбындағы VI халықаралық конференциясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Оның хабарлауынша, электронды портал үлгісінде жұмыс істейтін орталықта барлық қызметкерлер туралы ақпарат жинақталып, алғаш рет бейне-өмірбаян сияқты жеке құжаттар енгізілмек. «Осының арқасында біз «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелдің жетекші университеттерінде білім алып жүрген дарынды жастардың, сондай-ақ ірі корпорацияларда еңбек етіп жатқан мамандардың жеке ақпаратымен таныса аламыз. Олар болса, «Самұрық-Қазына» қоры аясында өтіп жатқан барлық конкурстарға қатыса алады», - дейді Қ.Келімбетов.

Сондай-ақ қор төрағасы атап көрсеткендей, портал негізінде виртуалды мектеп пен идеялар банкін құру жоспарланып отыр. «Порталға кіретін азаматтар алғаш рет қор және оған қарасты барлық компаниялардың басшылығымен тікелей байланысқа шыға алады», - деді Қ.Келімбетов.