«Соңғы жылдары еліміздегі жоғары оқу орындарының жүйесі үнемі жетілдіріліп отырғандығын, лайықты білім алу үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқандығын атап өткен жөн. Сонымен қатар жастардың бір бөлігі «Болашақ» бағдарламасынан тыс шет елдерде оқып жатыр. Білім алып жатқандардың сапасы мен жауапкершілігін арттыру мақсатында, отандық және шетелдік оқу орындарының түлектері «Болашақ» бағдарламасы түлектерімен тең дәрежеде жұмысқа орналасу бойынша бәсекелес алаңда теңдей талаптармен қатысуы қажет», - деді депутат.
Сөз соңында А. Бижанов «Болашақ» бағдарламасы әлемдік білім беру жүйесіне қосыла отырып, адами капиталды дамыту саласында озық жоба болғандығын атап өтті.