Жұмыскері үшін министр отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның көші-қон істері министрі өзі жалдаған үй тазалаушысы үшін жұмысынан кетті.

Министр Марк Харпердің жұмыстан кетуіне өзі қабылдаған шетелдік азаматтың заңсыз жүргендігі себеп болған. Атап айтқанда, 2007 жылы ол өзі жұмысқа алып жатқан шетел азаматының құжаттарын дұрыс деп есептеген. Ал жақында құжаттарды тексеру кезінде олардың жалған екендігіне көз жеткізген. Сондықтан, ол елдің көші-қон заңнамаларын қатаңдату бойынша жұмыс істеп отырған адамның өзі сол талаптарға бойұсынуы керек деп, отставкаға өтініш жазған.

Осыған орай, Британия үкіметінің басшысы Дэвид Кэмерон Харпердің отсавкасын «өкінішпен» қабылдағанын айтып, оның әрекетін адал деп бағалады, деп хабарлайды РБК.