«2015 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 156 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде 142,3 мыңы тұрақты жұмыс орындарын тапты. Сонымен қатар бағдарлама шеңберінде 4,4 мүмкіндігі шектеулі азаматтар, 3 мыңға жуық мектеп түлегі, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан 300 азамат, 280 оралман, 200 балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар қолдауға ие болды», - деді вице-министр.
Б. Нұрымбетовтің айтуына қарағанда, өңірлік жұмыспен қамту кешенді жоспарларын орындау аясында 2015 жылы 423 мың адам қамтылды, бұл жоспарланған деңгейден 131 пайызға көп. Нәтижесінде 396 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың 218 мыңы - тұрақты жұмыс орындары.