Бұл туралы бүгін Ақмола облысына сапары барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
Министрдің айтуынша, былтыр қанатқақты жоба ретінде өңірге 1 млрд. 13 млн. теңге бөлінген. 2012 жылы оның сомасы екі есе арттырылды.
«Бірінші бағыт бойынша, 2 мыңнан астам жастар оқудан өтеді. Екінші бағыт бойынша, 180 млн. несие беріледі. Оған жүз адам қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, ауылдардағы 28 әлеуметтік нысан жөндеуден өткізіледі. Ендігі мақсат бұны әр ауылға, әр азаматқа, әр отбасыға жеткізу», - деді Г. Әбдіхалықова.