деп хабарлады pm.kz сайты Экономикалық даму және сауда министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Моноқалалардағы еңбек ресурстарының артықтығы мен монобағыттарды есепке ала отырып, қалаларда оңтайлы жұмыспен қамту құрылымын қалыптастыруға және жаңа құрылатын өндірістерге бағыттала отырып, еңбек ресурстарын экономикалық өсімі бар облыстарға шоғырландыруға баса назар бөлінетін болады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру ісі Индустрияландыру картасының ірі инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға бағытталатын болады.
Сонымен қатар, құрылып жатқан Аймақаралық біліктілік арттыру орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент қалаларында ашылатын) моноқалалардағы жастарды оқыту үшін квоталар көзделген.