«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 9 мыңнан астам адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды
15:09, 06 Қаңтар 2012
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 9 мыңнан астам қазақстандық әлеуметтік жұмыс орындарында еңбекпен қамтылды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі Pm.kz сайтына.
«2011 жылдың 11 айында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында 9460 адам әлеуметтік жұмыс орындарында еңбекпен қамтылды. Орташа жалақы көлемі 45 849 теңгені құрайды», - делінген ведомство ақпаратында.
Министрліктің мәліметтері бойынша, 2011 жылы аталған бағытты жүзеге асыру үшін 1218,8 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта бөлінген қаржының 933,2 млн. теңгесі немесе 76,6 пайызы игерілді.