«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жастарды тарту шаралары енгізіледі

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған тетіктер енгізу жоспарлануда,

 деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында ҚР Білім және ғылым министрлігі жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахмет.

«Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған мемлекеттік саясат қазір  жан-жақты мағынаға ие. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту үшін барлық шараларды қолға алу жоспарланып отыр», - деді М.Қожахмет.

Сонымен қатар, Департамент директорының айтуынша, қазір Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі еуропалық елдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бұл жұмыспен қамту шараларының тиімділігін көрсетеді.

«Бұл жерде «Дипломмен ауылға!» атты дипломы бар мамандарды әлеуметтік қолдау бағдарламасын еске ала кету керек. Биыл осы бағыт бойынша 6,9 млрд. теңге бөлу көзделген», - деп атап өтті ол.