«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 618 қатысушысы шағын несиелер ресімдеді
13:57, 06 Қаңтар 2012
АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының аясында Қазақстанның сегіз өңірінде шағыннесиелендіру басталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен рm.kz сайтына.
«Сегіз облыста азаматтарға шағын несиелер беріле басталды, ол өңірлерде бағдарламаның 618 қатысушысы шағын несиелер ресімдеді», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Өңірлерде, Ереже бойынша микроқаржылық ұйымдарды іріктеу міндеті жүктелген уәкілетті өңірлік ұйымдар ретінде және азаматтарды шағын несиелендіру үрдісін жүзеге асырушы орган ретінде жергілікті ӘКК анықталып отыр.
12 желтоқсандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 4447 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді, олардың барлығы шағын несиелердің әлеуетті алушылары атанды.