«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының арқасында 19 жасар алматылықтың жұмысы мен тұрақты жалақысы бар

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - 1993 жылы дүниеге келген Баймұхамбетов Азат әкесінен туғаннан ерте жетім қалды. Оны әжесі тәрбиелеген болатын.

2009 жылы Азат Алматы қаласының № 123 мектебінің 9 сыныбын аяқтаған еді. Ауыр отбасылық жағдай - 79 жастағы әжесінің Азаттың қарауында болғанына байланысты - ертеңгі күніне сенімді болып, тұрақты жалақы алып тұру мақсатымен ол Жұмыспен қамту орталығына барды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының бірінші бағытының қатысушысы болған Азат жұмысқа орналасу үшін «Жаманбалинова» ЖК-ға жіберіліп, онда техник қызметіне алынды. Өз жұмысына Азат риза, оны адал атқарып, болашақта өсу үшін тәжірибе жинауда.

А.Баймұхамбетов мемлекетке нақты қолдау, еңбекке орналастыру, табысын жақсартуға көмек көрсеткені және материалдық игілікке қол жеткізгені үшін ризашылығын білдірді.