«Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламалары ауылдық азаматтарды өз істерін ашуға бағыттауда - Павлодар облысы
«Жұмыспен қамту-2020» және «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламаларын орындау мақсаты туралы айтылды.
Успен ауданы өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша аймақта тоғызыншы орынға және физикалық көлем индексі бойынша - үшінші орынға ие. Аудандағы өңдеуші кәсіпорындарының қатарында жеті наубайхана, шұжық, ірімшік, күнбағыс және сарымайды шығару бойынша бес өндіріс бар.
Шағын және орта бизнесте 1322 адам жұмыс істеуде. «Галицкое» ЖШС-де аймақтық Индустрияландыру картасына кіретін, жобалық қуаттылығы жылына 2 мың тонна сүт болатын сүт-тауарлық ферманың құрылысы мен жаңғыртылуының жобасы іске асырылуда. Инвестициялардың көлемі - 415 млн. теңге.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша өткен жылы ауданның өз-өзін жұмыспен қамтыған тұрғындарына 21,3 млн. теңгеге 17 шағын несиелер берілді.
Биылғы жылы успендіктер 4,5 млн. теңгеге тек екі несие алды, бес жоба қарастырылуда. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту үшін әлеует бар - 15 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.