«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бойынша 4 771 адам жұмысқа орналасты», делінген ведомство хабарламасында.
Аталған бағыт бойынша 2012 жылы барлығы 8 мыңдай жұмыс орнын ашып, онда 4 мыңдай бағдарлама қатысушыларын жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Ауылдық елді мекендерді дамыту бағыты шеңберінде 565 жобаны іске асыру жоспарланған, олардың 55% - әлеуметтік инфрақұрылымдар нысандарын жөндеу, 24%- инженерлік-көлік инфрақұрылымын жөндеу, 13% ауылдарды абаттандыруға жатады.
«Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020» төртінші бағыты ауылдық жерлерде әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық, көлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жөндеу және қайта жөндеу, ауылдарды абаттандыру, отбасылық дәрігерлік амбулаторияларды және медициналық пункттерді салу арқылы жұмыс орындарын құруға бағытталған.