Алакөл аудандық жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген ол, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының тізіміне кірді. Ақмарал бағдарламаның бірінші бағыты бойынша Үшарал қаласының №5 кәсіби лицейіне «аспаз» мамандығы бойынша 3 айлық оқуға жіберілді.
Оқу кезеңінің барасында оған 12 188 теңге шәкіртақы төленіп, жолақы мен жатақханада тұруына субсидия берілді. Оқуды аяқтаған соң Ақмарал жұмыспен қамту орталығымен «Әкімбаев» ЖК мекемесіне аспазшы болып орналастырылды.