деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2012 жылдың 1 қазанындағы мәліметтер бойынша, 497 үйдің немесе 1661 пәтердің құрылысы аяқталған», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі кезде бағдарламаға қатысушылар мен олардың отбасы мүшелері 366 үйге көшіп кірген. Қоныстанушы отбасыларға көшуге 45,7 млн теңге сомасындағы субсидия берілген.
Еңбек министрлігінің хабарлауынша, өңірлерде 450 үйдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Сөйтіп, биылғы жылы 4604 пәтерлі 1101 үйді салып бітіру жоспарланып отыр.
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде тоқырауға ұшыраған елді мекен тұрғындарын елдің экономикалық өсу орталықтарына өз еріктерімен қоныстануына ықпал ету арқылы еңбек ресурстарының ұшқырлығын арттыру көзделуде.