Бұл туралы бүгін Bnews.kz порталында өткен онлайн-конференцияда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
«Әлеуметтік саясатты жаңғыртудың аясында біз жұмыспен қамту бағдарламасы арқылы адамдардың еңбекке жарамдылығын бағамдап, оны жұмысқа орналастыруды немесе оқытуды ұсынатын болсақ, онда ол адам есте сақтауы керек: егер ол бұл әлеуметтік көмектен бас тартса, сәйкесінше ешқандай төлемдер берілмейтін болады», - деді Г. Әбдіхалықова.