Бұл туралыРК pm.kz сайтында хабарланды.
«Қалада мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру үшін тұрақты жұмыстар жүргізіліп отырады. Ақтау кентінде тұратын 400-ге жуық адамға консультация жүргізілген соң, 155 отбасы Халықты жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға ниет танытты. Бүгінгі таңда біз жұмыс берушілермен 282 келісімшартқа қол қойдық, олар біздің адамдарымызды жұмысқа алуға дайын», - дейді қалалық Жұмыспен қамту орталығының директоры Сергей Юн.
Қоныс иелері Теміртау қаласындағы 71-ші кварталда орналасқан 43 «Б» үйдегі пәтерлерге ие болды.
«Ақтау кентінде менің жұмысым жоқ еді, зауыттан жұмыстан шығып қалған соң, мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Жолдасым мүгедек. Елбасына, Үкіметке және осы Бағдарламаға рахмет. Енді біздің баспана жағдайымыз жақсарып, жұмыс істей аламыз», - деді «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына қатысушы Гуля Дәрібаева.
Естеріңізге сала кетейік, Бағдарламаның үшінші бағыты аясында халықты экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсімі жоғары орталықтарға көшіру көзделген. Биыл Теміртаудағы пәтерлерге 160 отбасын көшіріп әкелу жоспарланып отыр.